Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы көлемінде кәмелетке толмағандармен, оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау, алдын-алу, сондай-ақ, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша рейдттік профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Рейд жұмыстары жастар көп шоғырланатын орындарда және кафе-бар мейрамханаларда жүргізіліп, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі 23:00 ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеуі қадағаланды.
Қазіргі таңда, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түнгі беймезгіл уақыттары көшеде жүрмеуін қадағалауды ата-аналарға ескертілуде.