Тұрғындарды түрлі жолмен алдап кететін алаяқтар қатары қазіргі таңда азаймай отыр. Түркістан қалалық полиция басқармасына түскен арыз бойынша жүргізілген іздестіру нәтижесінде, алаяқтықтың 15 дерегіне қатысы бар Шымкент қаласында тұратын жұмыссыз бойжеткен құрықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі 4 миллион теңгеге жуық. Бойжеткен қыз қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 190- бабымен тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер өз кезегінде алаяқтардан сақ болуға және жақын таныс емес адамдарға сенімдік танытпауға кеңес береді.