Жарияланды: 23.11.2022

Сыбайлас – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға шақырды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасымен жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, адалдық қағидаттарын қалыптастыру, елін жерін сүйетін, саналы да адал азамат тәрбиелеу мақсатында «Адалдықтың бастауы – саналы ұрпақ» тақырыбында Түркістан көпсалалы – техникалық колледжі МКҚК-ның АКТ залында колледждің қазіргі таңда білім алып жатқан І және ІІ ші курс студент жастарымен кездесу және арнайы дайындаған бейне ролигі көрсетілді. Кездесуде Төлеби аудандық «Аманат партиясы» жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты Шырынбек Айдос Қанатұлы, Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы, Түркістан облысы,Төлеби ауданы «Адалдық алаңы» кеңсесінің жетекшісі Ескулов Пердебек мырзалар студент жастарға келелі кеңестерін айтып, адалдыққа және осы бастан сыбайлас – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға шақырды. Бейне роликті қөріп шыққан студенттер өз ойларын ортаға салып, пікірлерін жеткізді.

344 қаралым