Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігіне қарасты «Сарбаз» республикалық әскери- патриоттық газетінде Түркістан жоғары медицина колледжінің жастар ұйымының төрағасы Алтай Рамазанның әскерде азаматтық борышын адал атқарып жүргені туралы мақала жарияланды. Қорғаныс күштерінің тыныс- тіршілігінен хабар тарататын ақпарат құралының бүгінгі басылымы бізді де қуантуда. Өйткені қасиетті Түркістанның түлегі өзінің қайсарлығын, антқа адалдығын және ізденімпаздығын дәлелдеп, оқ бойы озық шыққаны бізге де мақтаныш. Қаншама жастарға үлгі болып, әскери өмірдің қиындығы мен азабын артқа тастап, мойымай, керісінше алға ұмтылған, әскери өмірдің талаптарына бағынып, еңбекқорлығымен ерекшеленген Р.Алтайдың іс-әрекеті нағыз азаматтық!
Оңтүстік өңірінде орта буынды медицина мамандарын даярлайтын білім ордасы тек қана кәсіби білікті маман ғана емес, білім мен тәрбиені қатар игерген әрдайым жүрегі елім деп соғатын патриот жастарды да тәрбиелеп келеді.
Ел үшін кеудесін оққа тосатын, бейбіт күн үшін арпалысуға даяр патриот жастар көбейіп келеді.