Қолдау білдіру үшін жұмыла жұмыс атқаруда
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына биылғы жолдауы өңірлердің дамуына ерекше серпін берері хақ. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының жолдауын Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті, басқарма мен бөлімдерінің барлық санаттағы жеке құрамы қолдау білдіруге дайын. Жолдауда айтылған көптеген мәселелер өз жүйесімен іске асырыласа мемлекетіміздің даму сатысы жалғасын таппақ. Биылғы жылы кезектен тыс президент сайлауы өтеді, Президент өкілеттігінің мерзімі 7 жыл болады, бірақ қайта сайлануға тыйым салынады. 2023 жылы мәжіліс пен маслихат сайлауы ұйымдастырылады. Әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейді. Ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өседі. Ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың есепшотына жиналады, қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жарияланады, отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі. Мемлекет басшысы елімізде жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты – саяси, әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстан құру екендігін айта келіп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту бойынша біршама тапсырма қойылды.
Мемлекеттің тұтастығы мен ұлтымыздың құндылықтарын сақтап қалу үшін мызғымас бірліктің маңыздылығына тоқталып, кешегі қаңтар қасіретінің қатерін өткізе сөз сабақтаған мемлекет басшысы өз ұстанымындағы тарихи жауапкершіліктің салмағын айқын аңғартты. Әсіресе қаңтар оқиғасына қатысты тергеу амалдарына алаңдаушылық білдіріп, биліктің тек әділетке жүгінетініне кепіл боларлық ой толғауы сүйсіндірді. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін жасалған бүгінгі тарихи байламның қай-қайсысы да жаңа дәуір, тың белестердің жаршысындай болғанын халық көрді.
Ел Президентінің халықтың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін көргім келеді деген тұжырымы азаматтық ұстаным мен көшбасшылық қасиет деп білемін.
Ел Президенті Жолдауда нәтижеге қол жеткізіп жұмыс істеу қағидатын айқындап берді және де бұл ұран әскери қызметке, қасиетті борыш – Отанды қорғау ісіне қатысы бар барлық адамдардың күнделікті қызметінде айқындаушы фактор болып табылады. Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мамандары Президенттің жолдауына қолдау білдіру үшін жұмыла жұмыс атқаруда.