Жарияланды: 23.11.2022

Авиациялық техникалық базаның мамандары қойылған міндетті жоғары деңгейде орындады

Авиациялық техникалық базаның мамандары қойылған міндетті жоғары деңгейде орындады

Көшпелі жөндеу бригадаларының тәжірибелік сабақтары көрсетілген ауданда, 2022 оқу жылындағы қорытынды тексеру шеңберінде әуе қорғанысы күштерінде далалық жағдайда қызмет көрсету мен авиациялық техниканы жөндеудің барлық элементтерін орындау арқылы өтті.

Авиациялық техникалық базаның жеке құрамымен өткен тактикалық-арнайы сабақтарды Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары авиация генерал-майоры Евгений Подгайский басқарды.  

  Апаттық күйдегі авиациялық кемені жөндеу үшін дабыл бойынша көтерілген екі көшпелі жөндеу бригадасы құрылды. Жеке құрам автомобиль техникасына қажетті мүкәммалдықты және қосалқы бөлшектерді тиеп, межелі ауданға жөнелді.

Келгеннен кейін әскери қызметшілер қызмет көрсету және регламенттік жұмыстарды орындау үшін шаруашылық және жөндеу аймақтары бар лагерь құрды. Далада олар әуе кемесінің құрылымдық элементтеріне, қару-жарақ жүйелеріне, навигация мен байланысқа жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс екі ауысымда ұйымдастырылды. Тікұшақ жөнделіп, бір тәуліктен аз уақыт ішінде қызмет етуге жіберілді.

– Кешенді тапсырманы орындау кезінде комиссия инженерлік-техникалық құрамның дайындық деңгейін бағалады.  Лагерьді, шеберханаларды, шаруашылық жабдықтау пункттерін ашуды, оларды күзетуді ұйымдастырудың жеделдігі мен сапасын тексерді. Авиация мамандары іс жүзінде ақаулықтарды, блоктардың ақауларын және басқа да жұмыс түрлерін іздеді, – деді авиация генерал-майоры Евгений Подгайский. 

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы орынбасарының айтуынша, авиациялық техникалық базаның мамандары қойылған міндетті сенімді түрде орындады.

339 қаралым