Жарияланды: 23.11.2022

Заңды талапты орындаудан бас тартқан

 

Полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару жауапкершілікке алып келеді.

 Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігімен А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Әкімшілік іс материалдарына сай, құқық бұзушы 2022 жылы 3 қазанда көлік құралын Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, М.Әуезов көшесі бойымен басқару кезінде ішкі істер органының қызметкерімен тоқтатылып, «Отырар аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жеткізілген, алайда, құқық бұзушы мекеме ғимаратының ішінде алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындаудан бас тартқан.

Сот отырысында құқық бұзушының өз кінәсін мойындап, сыра ішімдігін ішкен күйде автокөлікті басқарғандықтан масаң күйін куәландырудан өтуден бастартқандығын және 2022 жылы 03 қазанда жасалған №1404155 санды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, 2022 жылы 03 қазанда дайындалған медициналық куәландырудан бас тарту туралы қорытындысымен, құқық бұзушының кінәсін мойындау түсініктемесімен толық дәлелін тапқан.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 15 (он бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, 8 (сегіз) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

ӘҚБтК-нің 40-бабының 2-бөлігінде Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

325 қаралым