Жарияланды: 23.11.2022

Жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қол-данылды

 

Бүгінде автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқаратынар қатары азаймай отыр. За талабы қатаңдатылғанын білсе де ескергісі келмейтіндер көп. Өзі үшін ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндірерлік жағдайда заң ешкімнің де басынан сипамайды.

 

Түркістан облысына қарасты Келес аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай-ӘҚБтК) 608-бабының 3-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған Т-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушы Т.-нің Келес ауданы, Ақтөбе ауыл округі, аумағында автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарып келе жатып, сиырды соғып кеткені анықталды.

Сот отырысында құқық бұзушы Т кінәсін мойындап, жәбірленушіге сиыр малының залалын толық қайтарылғаны расталды.

Құқық бұзушы Т ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 (жиырма) тәулікке әкімшілік қамаққа алуды және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

282 қаралым