Жарияланды: 23.11.2022

Барлық азаматтардың құқығы қорғалуы тиіс

Барлық азаматтардың құқығы қорғалуы тиіс. Оның ішінде тұтынушының да. 

Түркістан облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мамандары ақпараттық бағыттағы түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңда «жарамдылық мерзімі», «сақтау мерзімі», «қызмет ету мерзімі» туралы түсінік берді. Мамандар осы ұғымдарды тұтынушылар оларды жиі шатастыратындығын айтады. Олай болса, олардың әрқайсысының мәнін талдап көрейік. Жарамдылық мерзімі – бітуіне қарай тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңі. ⠀ Сақтау мерзімі – белгіленген сақтау шарттары сақталған кезде тауар (жұмыс нәтижесі) осы уақыт кезеңі ішінде тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарда және (немесе) шартта көрсетілген сапасын, қасиеттерін және сипаттамаларын сақтайтын уақыт кезеңі. ⠀ Қызмет ету мерзімі – тауарды (жұмыс нәтижесін) мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болатын, тауардың (жұмыс нәтижесінің) функционалдық мақсатына қарай заңнамада немесе шартта көзделген күндермен, айлармен, жылдармен белгіленген уақыт кезеңі немесе сағаттармен, іске қосылу циклдарымен, жол жүру километрлерімен немесе осыған ұқсас өзге де көрсеткіштермен белгіленген атқарым. ⠀ Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушыға оның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тауарлар туралы хабарлау сатушының (дайындаушының) қаражаты есебінен жүзеге асырылады. ⠀ Тауарды қайтарып алуға байланысты тұтынушыға келтірілген залалды сатушы (дайындаушы) толық көлемде өтеуге тиіс. ⠀ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 17-бабына сәйкес жарамдылық мерзімі белгіленген тауарға қатысты тұтынушы тауардағы кемшіліктер туралы, егер олар тауардың жарамдылық мерзімі ішінде табылса, талаптар қоюға құқылы екенін естеріңізге саламыз. Егер тауарға кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі белгіленбесе, сатылған тауардағы кемшіліктер тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл шегінде табылған жағдайда, тұтынушы тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоя алады. Тұтынушыларға пайдалы ақпараттарды жеткізуде мамандардың құлшыны жоғары.

317 қаралым