Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы Жастар ресурстық орталығы КММ-нің «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторның мамандары жас отбасылар арасында зорлық-зомбылықты болдырмау, ажырасудың алдын алу және отбасылық құндылықтарды сақтау мақсатында, Келес аудандық әжелер алқасының төрайымы Әзімқұлова Әділет Сираддинқызы және Келес аудандық аналар кеңесінің төрайымы Сарсенова Гулбала Жанибекқызымен «Отан-отбасынан басталады» атты тақырыбында кездесу өткізді. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз» бақытты отбасын құру әр бір адамзаттың өз қолында. Бұдан бөлек, Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторы мамандары отбасындағы «Зорлық-зомбылықтың» алдын алу мақсатында халық көп шоғырланған жерлерде үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Өз құқығын қорғау, заң үстемдігіне бас ию, ұлттық құндылықтарға ден қоюды басты ұстін етіп, дәріптеуде.