Жарияланды: 23.11.2022

Жас отбасыларға семинар -тренинг өтті

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында отбасын құрып жатқан жас отбасылармен зорлық-зомбылықтың және ажырасудың алдын алу мақсатында жуырда «Некеге дайындық» атты тақырыбында жас отбасылармен семинар тренинг өткізілді. Келес аудандық Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ӘПСҚ секторының мамандары және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі  бөлімінің АХАТ саласының мамандары жас жұбайларды құтықтап, неке куәліктерін табыстады. Отбасылық өмірге сәттілік тілеп, еліміздің үздік отбасылары қатарында болуыларына тілек тіледі. Келес ауданында тұрмыстық зорлық зомьылықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

411 қаралым