Жарияланды: 23.11.2022

Балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі кеңінен талқыланды

 

Түкістан облысына қарасты Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты — бала тәрбиесі болды. Мектеп жасындағы балалардың тәлім тәрбиелері, оқушының ұстаз алдындағы міндеті, ата-ананың бала алдындағы рөлі тақырыптары сөз болды.

Сондай-ақ кәмелет жасына жетпеген балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі де кеңінен талқыланды. Кездесу барысында Келес ауданы Адами әлеуетті дамыту бөлімінің маманы сөз алып өз баяндамасындағыдай жайттарды тілге тиек етті. Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы Айбек Әмреқұлұлы аудандағы жастар саясатын дамыту барысында жастардың алар орны ерекше екендігін жеткізді.

Ауыл жастарын түрлі бағыттарда дамытып оларға қолдау көрсету керектігі жеткізілді.

420 қаралым