Жарияланды: 23.11.2022

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесі жұмыс істейді

 

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесі жұмыс істейді. Ел бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуда медиация тетігін тиімді пайдалану, дауласушы тараптарды құқықтық жолмен өзара келісімге келтіру, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау басты мақсаты болып табылады. Түркістан облысында кәсіби медиаторлар жұмыс атқарады. Өркениетті елдерде бүгінде медиация институтына мықтап ден қойылып жатқанын, бұл ретте медиация ұғымы қазаққа да жат емес екені белгілі. Соңғы жылдары ел аумағында медиацияға ерекше мән берілуі біздің дәстүрімізден жаңылмай, жаңашыл болуымызды, болашағы біртұтас ел болуымызды меңзейді. Өркениетті қоғамның іргесі заң болса, тұғыры – құқық. Медиация дегенде ең алдымен дауласушы тараптарды құқықтық жолмен өзара келісімге келтіру, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау мәселесі айтылады. Түркістан облысында Ассамблея жанынан медиация кабинеті ашылып, медиация кеңесі белсенді жұмыс істеуде. Облыстың қала мен аудан аумағындағы кәсіби және қоғамдық негіздегі медиаторлардың ықпалымен дау-дамайларға нүкте қойылып, тараптар өзара келісімге келуде.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің эксперт-медиаторы Дана Кенжеқұлова облыстық ҚХА жанындағы медиация кабинетінің ауқымды жұмыстар атқарғанын айтып отыр.

 

327 қаралым