Жарияланды: 23.11.2022

Музыкалық шығармаларды заңды пайдалану туралы семинар өткізді

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында «Аманат» авторлық жəне сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйымы және «FONMIX” ЖШС мекемесі бірлесіп — кəсіпкерлерге арналған музыкалық шығармаларды заңды пайдалану туралы семинар өткізді.

Мақсаты, «Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңын түсіндіру, заңды музыканы айыппұлсыз қалай пайдалануға болатынын кәсіпкерлерге алдын ала түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Кез келген кәсіпкер өз нысанасында, яғни ол — шаштараз, киім дүкені, сауда орталықтары, мейрамханада т.б. аудио музыкалық шығармаларды қолдану үшін автордың рұқсаты қажет. Рұқсатсыз пайдаланған жағдайда кәсіпкерге «Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңның 44 — бабына сәйкес 15МРП айыппұл салынады. Сол себепті кәсіпкер авторлық құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйымдармен келісім-шартқа отыруы керек. Жәнеде ай сайын авторға есептерін тапсырып, төлемдерін төлеп отыруы қажет. Қазіргі таңда елімізде авторлық құқықтарды қорғау бойынша жұмыс жасап жатқан ұйымдардың бірі, ол — «Аманат» авторлық жəне сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйымы. Ай сайын кәсіпкерге есеп жүргізіп отыру қолайсыз, үлкен қиындық тудырады. Осыған орай, кәсіпкерлерге ұтымды әрі жеңіл болуы үшін «FONMIX” компаниясы өз қосымшасын ұсынды. Ол қосымшаны ұялы телефонға жүктеп алып, автоматты түрде ай сайынғы есептерді өзі есептеп, төлемін шығарып, авторлық құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйымға жіберіп отырады.

Жиынға онлайн және офлайн форматта облысымыздың мейрамхана және дәмханалар өкілдері қатысты.

 

 

 

11111111111111111111

320 қаралым