Жарияланды: 23.11.2022

Кәсіпкерлердің құқығын қорғаудың экожүйесін құру жобасын бастады

 

Бизнесті қорғау Экожүйесі бағыты бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл департаментінде талқыланды. Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Қожахметов Қайрат Оспанұлымен Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Ибадуллаев Асылан Сейілбекұлының қатысуымен кәсіпкерлікті дамуына экожүйесін жүргізу жұмыстары бойынша талқылау өтті. Кездесу барысында Департаментпен Палата бірлесіп кәсіпкерлердің құқығын қорғауда жұмысын жалғастыру мақсатында жоспар бекітіп, ынтымақтастықты әрі қарай күшейту ұсынылды.

Айта кетейік, «Атамекен» Ұлттық палатасы кәсіпкерлікті қорғаудың экожүйесін құру жобасын бастады. Экожүйе аясында кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзу фактілерін барынша азайтуға және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде қажетсіз әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

400 қаралым