Жарияланды: 23.11.2022

Барлығы 1219 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы аумағында өткізіліп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасының 17 күні ішінде барлығы 38152 жеке үйдің 22831-і, 1782 көпқабатты үйдің 1069-ы тексерілді. Кәмелетке толмаған ұсталған тұлғалар – 12, оның ішінде қоғамдық орында мас халде болу – 1 факт, заңды өкілдерінің алып жүруінсіз көңіл көтеру орындарында болу – 9, қайыршылықпен айналысу – 2. ІІО-ның есебінде тұрған 223 тұлға мекенжайы бойынша тексерілді. Сонымен қатар қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ІІО-на уақтылы хабарламағаны бойынша анықталған фактілер – 16.
Барлығы 1219 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Әртүрлі себепппен ішкі істер органдарына жеткізілген тұлғалар саны – 74.
Аталған іс шара қарашаның соңына дейін жалғасады.
382 қаралым