Жарияланды: 23.11.2022

Зардап шеккен жеке  тұлғалардың санын азайту мақсатында түсіндірмелер берілді

Зардап шеккен жеке  тұлғалардың санын азайту мақсатында түсіндірмелер берілді
 
Бүгінде алаяқтық қылмысы өршіп тұр. Одан бөлек, қаржы пирамидаларын құрып, ақшаңды көбейтіп беремін дейтін алаяқтар тобының да қарасы азаймай тұр. Тиісті орган мамандары алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жүргізсе де құлаққа ілетін адам аз. Соның салдарынан ақшасынан айырылып, ақырында құқық қорғау органдарын жағалай бастайды. Соңғы әлетте көбейіп кеткен қылмыс түрімен қоғам болып күресу қажет. 
 
Жуырда  алаяқтыққа және қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимыл бойынша 2022 жылға арналған бірлескен іс-шаралар кешеніне сәйкес, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде департаменттің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н.Ербекешов, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2 Жедел басқармасының жедел уәкілі Г.Қарсыбайдың қатысуларымен «Қаржы пирамидалары және оның алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызметкерлері мен студенттеріне қаржылық пирамидасынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың санын азайту мақсатында түсіндірмелер берілді.
 
294 қаралым