Жарияланды: 23.11.2022

Борышкерлерге «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Борышкерлерге «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылды
 
 
Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің және Төлеби ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен , ағымдағы жылы  жұмыссыз, үш айдан астам берешегі бар борышкерлерге және еңбекке жарамды мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді.
Жәрмеңке барысында аудандағы 18 жұмыс беруші мекемелерден 80 тұрақты бос жұмыс орындары және субсидияланатын жұмыс орындары ұсынылды.
Жәрмеңке барысында Түркістан облысы Әділет департаменті Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі қызметкерлері, Төлеби ауданының прокуратурасының қызметкерлері, жеке сот орындаушылар, Пробация қызметі бөлімінің және Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жұмыссыз азаматтарға еңбекпен қамту шараларының заңдылықтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, аудандағы жұмыс беруші «Мейр-Бейс» мектебі, «Мейр-Бейс» жоғары колледжі, «Азиялық несие қоры» шағын қаржы ұйымы, Жастар ресурстық орталығы, «Жарық жол» КММ және «Саябақтары» КММ мекемелерінің кадр мамандары қатысып, бос жұмыс орындарымен өтініш білдіруші мамандарды таныстырды.
Жәрмеңке қорытындысымен 33 жұмыссыз азаматтарға тұрақты жұмысқа, 9 азаматқа қоғамдық жұмыстарға және 4 азаматқа жастар практикасына, үш айдан астам берешегі бар 2 борышкерге жолдама берілді. Оның ішінде 9 еңбекке жарамды мүгедектігі бар азаматтар.
Қалған жұмыссыз азаматтар жұмыс орындары бойынша жұмыс берушілермен әңгімелесу жүргізіп, кеңес алды.
492 қаралым