Жарияланды: 23.11.2022

Құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында семинар өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас. Бүгінде қоғам дертіне қарсы жаппай күрес жүргізілуде. Алдын алу шаралары үздіксіз жүргізілуде. 

 

Жуырда  Түркістан облысының Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы Е.Киргизовтың ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы Сайрам аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, алдын-алуға және болдырмау» тақырыбында және «Зияткерлік меншікті қорғау»индикаторы, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында семинар өтті.

327 қаралым