Жарияланды: 23.11.2022

«Өз құқығынды біл!» тақырыбында кездесу өтті

 

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығында «Әділет кеңес береді» акциясы аясында, «Өз құқығынды біл!» тақырыбында департаменттің мамандарының адвокаттардың, медиаторлардың қатысуларымен кездесу өтті. 

Негізі басты мақсат — азаматтарға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы  түсінік қалыптастыру , құқықтық білімдерін толықтыру, саяси саналығы  мен таным  белсенділігін  арттыру, Адамгершілік , ізгі қасиеттер  мен ар-ождан бостандығына , адалдық пен мейірімділікке  баулу  арқылы  құқықтық тәрбие беру болып табылады. Сондай-ақ, тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарына тұщымды жауаптарын алды. 

Еркін форматта өткен кездесуге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері қатысып, мамандармен құқықтық кеңестер берілді.
364 қаралым