Жарияланды: 29.07.2018

Өңір экономикасын өркендетуге үлес қоспақ

Түркістан облыстық кәсіпкерлік және индустриялы-инновациялық даму басқармасы бүгінде өңірімізде ілкімді жобалардың жүзеге асырылатындығын мәлімдеп отыр. Бүгінгі таңда Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 81,8 млрд. тг. құрайтын 60 жоба іске асырылды. Оның ішінде  2015ж – 23 жоба, 2016 ж – 19 жоба, 2017ж – 18 жоба.  Онда 2,5 мың жұмыс орны ашылған болатын. 2018 жылы соммасы 53 млрд.тг. құрайтын 20 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Егер жоба дер уақытында жүзеге асырылған жағдайда онда 2500 жұмыс орны ашылмақ. Жоспарда тұрған жобалардың ішінде «ТМстрой21» ЖШС — шөп байлайтын жіп өндіру зауыты бар. Сарыағаш ауданында еңсе тіктейтін жобаның жалпы құны 250 миллион теңгені құрайды. Жобалық қуаттылығы жылына 4,5 тонна. Одан кейін «Tumar Textile» ЖШС-і сүлгі және монша халаттарын тігу тігін цехы болып отыр. Жобаның жалпы құны 164 миллион теңгені құрайды. Жобалық қуаттылығы жылына 72 мың бұйым. «Shymkent Temir» ЖШС і  40 тонналық индукциондық пештер мен үш ағымды үздіксіз құю машинасымен темір өндіру зауыты жобалардың ішіндегі ең ірісі болып табылады. Жобаның жалпы құны 5940 миллион теңгені құрайды.  «Бал Текстиль» ЖШС –і кілем бұйымдарын шығаратын 3-ші цехын іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны 1000 миллион  теңгені құрайды. «Golden Camel Group LTD» ЖШС-і Өнімділігі 100 тонна түйе мен бие сүтін өңдейтін жоба. Жобаның жалпы құны 7017 млн. теңгені құрайды. Аталмыш жобалардың іске қосылуына да аз қалды. Жүзеге асқан жағдайда өңір экономикасына өкірте үлес қосары анық.

1 308 қаралым