«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен »- деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болу үшін жамандықты жат санау қажет.
Осы мақсатта Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы орталығындағы Қайрат спорт кешенінде «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы ұйымдастырылды.
Аталмыш акция жастарды жаман әдеттен аулақ болып, Құқықбұзушылықтан бойды аулақ ұстап, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға үндейді. Болашақ бұлыңғыр болмас үшін мұндай іс-шаралардың маңызы орасан.
Қазақстан- демократиялық-құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның қазынасы- адам және адам өмірі. Мемлекеттің стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен әл-ауқатын жақсарту үлкен міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.