Жарияланды: 24.11.2022

Өмірлік-қызметтік жолы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне  үлгі

Түркістан облысына қарасты Сайрам АПБ көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы полиция подполковнигі Ахмадниязов Бахадыр Абдумавланович – басқармадағы ең көнекөз қызметкер.
Еңбек жолын 1988 жылы Көкшетау қаласындағы Элеватор зауытында жұмысшы болып бастаған жас маман 1990 жылы Сібір автомобиль жолдары институтына оқуға түседі. 1995 жылы аталған оқу орнын бітірген соң, Көкшетау облысының ІІБ-да жол-техникалық бақылау инспекторы болып ІІО-дағы қызметін бастайды.
ІІО-да ширек ғасырдан аса қызмет етіп, әкімшілік полиция басқармасы, емтихан-тіркеу бөлімі, жергілікті полиция қызметі, штаб басқармасы және көші-қон қызметінде инспектор лауазымынан бастап, басшы лауазымына дейін көтеріліп, жауапты қызметтер атқарған.
«ІІО-ның 10 жылдығы», «ІІО-ның 20 жылдығы», «ІІО-ның 30 жылдығы», «Үздік қызметі үшін» медальдарымен және көптеген грамоталармен марапатталған.
Отбасында ардақты әке, асыл жар, ата-анасына, бауырларына сүйікті ұл, қарапайымдылығымен достарына сыйлы болған полиция подполковнигі Бахадырдың өмірлік-қызметтік жолы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне  үлгі болары сөзсіз.
279 қаралым