Жарияланды: 24.11.2022

Сот практикасы бойынша талдау жүргізді

Сот практикасы бойынша талдау жүргізді Былтырдан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі (ҚР ӘРПК) заңды күшіне енді. Осы негізде, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы прокуратура органдарымен бірлесіп бизнесті қорғау экожүйесін дамыту және тартымды бизнес-климатты қалыптастыру іс-шараларының жоспарын орындауда, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдануға байланысты сот практикасы бойынша талдау жүргізген болатын. 2021-2022 жылдар аралығында сотқа бизнес субъектілерінен лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне / әрекетсіздігіне 68 талап арыз түсті (оның ішінде 17 іс басқа соттылық, 15 іс біріктірілген). Талдау көрсеткендей, кәсіпкерлік субъектілерінің талаптарының көпшілігі жер қатынастары саласындағы даулармен байланысты. Бұл факт халықтың басым көпшілігі және олардың күнкөріс көздері ауыл шаруашылығы мен жерді игерумен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Сондай-ақ, сотқа талап қою кезінде бизнес субъектілері соттылығы бойынша мәселені қарауды жиі сақтамайтыны анықталды, осыған байланысты 17 талап қайтарылды. Талдау көрсеткендей, көп жағдайда даулардың туындауы жергілікті атқарушы органдардың өз міндеттерін орындамауына немесе оларды тиісті көлемде орындамауына, немқұрайлылыққа байланысты. Кәсіпкерлердің шағымдарын сотта қарау кезінде жиі айтылатын себептердің бірі «мемлекеттік органдардан толық жауап алмау, оларды жауапсыз қалдыру, сотқа дейін дауды шешуге тырыспау» болып табылады. Көбінесе мемлекеттік органдар кәсіпкер сотқа талап арыз бергеннен кейін ғана істі шешу үшін қосымша материалдар сұрай бастайды. Осылайша, мемлекеттік органдар белгілі бір дауды сотқа дейін реттеу шараларын қолданбай, істерді соттарға жіберіп, кәсіпкерді бірнеше айға созылатын сот шайқасына айналдырып, бизнесті дамытуға жасанды кедергі жасайды. Бұл бойынша Палата тарапынан бизнесті қорғау экожүйесін дамыту және тартымды бизнес-климатты қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмысқа енгізу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП -на ұсыныстар жолданды

432 қаралым