Өткен сенбі-жексенбі күндері Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара кезінде түрлі құқық бұзушылық жасаған 60 тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар полицейлер жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, Қараспан ауылы Темірлан-Арыс тас жолының бойында қараусыз жүрген малдарды (жақын жерде нақты мал қамайтын орын қарастырылмағандықтан) жылқыға мініп, жолдың жағасынан тоғайға қарай айдап шықты.
Сонымен қатар малдарын қараусыз, бос жібермеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2 құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу» әкімшілік хаттама толтырылды.