Жарияланды: 24.11.2022

Борышкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы көлемінде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп, борышкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893 бабына сәйкес, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894 бабына сәйкес, айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады.
 Бірлескен іс-шаралар аясында, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің автокөліктерін автотұраққа қамау және мемлекеттік белгілерін алу жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, сот орындаушылары борышкерлердің өз айыппұлдарын төлемейінше Қазақстан Республикасы аумағынан уақытша шығуларына тыйым салып, автокөліктерін жүргізу құқығынан айыру жөнінде қаулы шығарды. Борышкерлердің бережақтарын айлық ақшаларынан өндіріп алу туралы қаулыны олардың жұмыс орындарына орындау үшін жолдайтын болады. Осы тұрғыда айыппұлды заңда қарастырылған 50 пайыз жеңілдікпен жеті тәулікте төлеуге немесе бір ай мерзімінен кешіктермей төлеулеріңізді сұраймыз.
342 қаралым