Жарияланды: 24.11.2022

Жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылып, 1 дана бағдаршам орнатылды

 Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, С.Қожанов көшесі бойында автокөлік жас баланы қағып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. Қазіргі таңда орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
 
С. Қожанов көшесінің бойында білім беру мекемелері немесе бала-бақшалар орналаспаған.
Әлеуметтік желіде жарияланған Ира Назарованың пікірі бойынша «Нұраман» демалыс кешені мен «Алтын шаңырақ» сауда орталығының арасына жасанды кедергі орнату туралы ұсынысы бойынша Созақ ауданы Полиция бөлімімен жылдамдықты шектеуге арналған құрылғы «жасанды кедергі» орнату туралы Созақ ауданы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімшесіне ұсыныс жолданған.
 
Жол көлік оқиғасын болдырмау, оның алдын алу мақсатында 2022 жылы көлемінде С.Қожанов көшесі бойына жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылып, 1 дана бағдаршам орнатылған.
415 қаралым