2022 жылдың мамыр айында қалалық Полиция басқармасына қала тұрғындарының бірінің үйінде жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер жанжал болған үйден орта жастағы азаматтың өлі денесін тапты. Тексеру барысында кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен орта жастағы ер азамат анықталып, басқармаға жеткізілді.
Қылмыстың басты себебі- алкагольді ішімдік. Ащы суға масайған екі азаматтың арасында жанжал пайда болып, оқиға салдарынан бір азамат қаза тапқан.
Кісі өліміне қатысты күдіктіге ҚР ҚК-нің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша қылмысы толық дәлелденіп, сот шешіміне сәйкес, күдікті 9 жылға бас бостандығынан айырылды.