Жарияланды: 24.11.2022

Құрылыста қылмыстың алдын алу үшін…

Киелі шаһарымызда халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алып келеді. Осы орайда,  қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбековтың, дербес бөлім басшыларының және қала аумағында құрылыс жасап жатқан мердігер мекеме басшыларының қатысуымен жиналыс өткізіліп, келесі мәселелер қаралды:
 Түркістан қаласында құрылыс жүргізіп жатқан мердігер компаниялары, құрылысшы мамандарын жұмысқа кабылдауда тыйанақты жан жақты тексеріп, келісімшарттар құру арқылы қабылдауы. Шетел азаматтары болған жағдайда, полиция қызметкерлерімен әр дайым тексеріс жүргізіп, мекен- жайлары бойынша тіркеу өткізу және шетел азаматтарының құрылыс жұмыстарын жасауға рұқсат етілген құжаттарын қатаң тексеріп бақылауға алу;
 Құрылыс алаңдарында орын алатын ұрлық және басқада қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, құрылыс алаңдарын қоршап, күзетпен қамту, бейне бақылау камераларын орнату, бөгде адамдардың құрылыс аландарына кіруіне тиым салу;
 Құрылыс компанияларында құрылысшылардың айлық жалақысы дер кезінде төленуі мен құрылысшылардың наразылығын тудырмау. Сонымен қатар, денсаулығы мен жеке бас қауіпсіздігі сақталуын қадағалау;
 Құрылыс алаңдарындағы құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленбеген орындарға тастауға және қала ішіндегі жолдарда жүру кезінде ластауға жол бермеу;
 Құрылысшылардың алкогольдік ішімдіктер ішіп құрылыс алаңдарында жүруіне, көліктерді баскаруына қатаң тиым салу, ондай жәйіттер орын алған жағдайда, дер кезінде полицияға хабарлау;
 Құрылыс аяқталып тапсырылған үйлердің подьездерін домофон, бейне бақылау камераларымен жабдықтау.
479 қаралым