Жарияланды: 24.11.2022

Сарыағаштық полицейлер әнұранды әуелетіп орындады

 

Қазақстан Республикасының тұрақтылығын сақтау, дамыту – баршамыздың міндетіміз. Ол үшін шынайы отансүйгіштік қажет.  Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық құндылықтарымыз құрметтеліп, тарихымыз дәріптелді. Ұлық мерекені облыстағы барлық ауданда жоғары деңгейде атап өтті. Оған тәртіп сақшылары да үн қатты. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында кең көлемді іс-шара өткізілді. Салтанатты шараға Сарыағаш аудандық әкімдігі, «Аманат» партиясының өкілдерімен бірге, Полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосып, күні-түні қызметте жүрген полицейлер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру рәсіміне ат салысты. Осылайша іс-шараға жиналған жұртшылық Мемлекеттік туды көтеріп, Әнұранды әуелетіп орындады. Сондай-ақ Сарығаш аудандық полиция бөлімінің үздік қызметкерлері марапатталып, оларға «Алғыс хат» тапсырылды. Азаматтардың құқығын қорғаудан бөлек тәртіп сақшыларының көтерер жүгі ауыр.

454 қаралым