Жарияланды: 24.11.2022

Мемлекеттік қызметшілермен еркін форматта кездесу өтті

 

Сыбайлас жемқорлықпен күресте құқық қорғау органдары белсенді жмыс атқаруда. Тек қана аталған органдар ғана емес қоғам дертімен қоғам болып жұмыла күресу қажет. Осы орайда өңірімізде түрлі бағытта жұмыстар атқарылуда. Арыстық мамандардың қолға алған ісін ұтымды деуге болады.

Қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының Құрметті азаматы, еңбек ардагері, зейнеткер ұстаз, жүріс-тұрысынан әдептілік пен қарапайымдылық сезіліп тұратын Достанов Жебел мемлекеттік қызметшілерге әдеп төңірегенде пікір алмасуды бастап кетті. Жебел ағайды арыстықтарға таныстырып жатудың қажеті жоқ. Себебі, ол кісі зейнет жасына дейін ұзақ жылдар ұстаздық етіп, тіпті қазірдің өзінде қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрген жайы бар. Бүгінде Арыс қалалық қоғамдық кеңесін басқарып, қоғамдастық тарапынан көтерілген мәселелерді дер кезінде шешілуіне атсалысуда.  Жебел ағайдың әдептілігі, қарапайымдылығы мен мәдениеттілігі қазіргі көптеген мемлекеттік қызметшілерге үлгі. Жебел ағайдың осындай бітім-болмысын жас мемлекеттік қызметшілерге паш етіп, үлгі, өнеге алуға шақыратын «Әдепті болудың алғышарты» атты кездесу басталды. Алғашқы кездесу ауылшаруашылығы бөлімінің қызметкерлерімен жұмыс бөлмесінде еркін форматта өтті. Жебел ағайдың әдептілік туралы өзіндік ойлары мен пікірлерін мемлекеттік қызметшілер жақсы қабылдады.

 

Келесі кездесу Жебел ағайдың қатысуымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жалғасын тапты. Бөлім қызметкерлерінің алдында Жебел ағай жұмыстан тыс уақыттағы әдеп талаптары мен қоғамдық орындардағы өзін ұстау әдебі мен мәдениеті туралы ойларын ортаға салды. Пікіралмасуға бөлімнің азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша бас маманы Набиева Ұлмекен апай қосылып, қазіргі жас мемлекеттік қызметшілерге қажетті әдептілік ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, алдын алу және жолын кесуде бірлесіп жұмыс атқаруға келісті.

 

Келесі кездесу Жебел ағайдың қатысуымен қалалық кәсіпкерлік мектебінде жалғасын тапты. «Әдепті болудың алғышарты» атты кездесулер бұдан алдын бірнеше мекемелерде өткен болатын. Қалалық кәсіпкерлік, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдері қызметкерлерінің алдында Жебел ағай Сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқықбұзушылықтың алдын алу, жұмыстан тыс уақыттағы әдеп талаптары мен қоғамдық орындардағы өзін ұстау әдебі және мәдениеті туралы ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, алдын алу және жолын кесуде бірлесіп жұмыс атқаруға уағдаласты

 

332 қаралым