Түркістан облысына қарасты Отырар ауданының қызметкерлері мәдени азық болар арнайы іс-шара ұйымдастырды. Яғни полиция қызметкерлері Отырар қаласында орналасқан Отырар мемлекеттік архелогиялық музейіне барып, еліміздің тарихымен батыр бабаларымыздың ерліктерімен танысты.
Сонымен қатар қазақ елінеің құрылуына қатысты тарихи оқиғалар мен қызықты мәліметтер біле алды.
Жалпы, жас ұрпақты мәдениет, өнерге баулып, рухани бағытта сусындатуда мұндай іс-шаралардың берері мол. Сондықтан Түркістан облысында полицейлердің қатысуымен алдағы уақытта тұрақты өткізіліп тұрмақ.