Жарияланды: 25.11.2022

Іс партисипативтік келісіммен аяқталды

Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер А.-ға ортақ мүлікті бөлу туралы талап қою арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. Талап арызға сәйкес, талап қоюшы мен жауапкер арасындағы неке бұзылып, балалары талап қоюшының қамқорлығында қалған. Талап қоюшы некеде болған кезде яғни ортақ мүлікті бөлу туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Іс бойынша тараптардың өкілдері партисипативтік келісімге келді. Келісім шарттары бойынша, жауапкер Б. талап қоюшыға 2022 жылғы 19 желтоқсанына дейін қолхатпен 1 000 000 теңгені беруге, қалған 250 000 теңгені 2023 жылғы 18 қаңтар айынан бастап 50 000 теңгеден бөліп төлеуге міндеттенеді, өз кезегінде талап қоюшы жауапкерге ортақ мүлікті бөлу туралы талабынан бас тартты.

 

329 қаралым