Жарияланды: 25.11.2022

Сот беделін түсіретін жағдайларын болдырмау мақсатында көшпелі кездесулер өткізілді

Судьялар одағы Түркістан қалалық филиалының судья әдебі жөніндегі комиссиясының мүшесі Оңласов Марат Игенұлы Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған, Келес, Мақтаарал, Шардара, Жетісай, Сарыағаш аудандық соттарында заңдылықты сақтау және сот беделін түсіретін жағдайларын болдырмау мақсатында көшпелі кездесулер өткізілді.

Отырыс барысында комиссия мүшесі жалпы қағидалар мен мінез-құлық ережелерін, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануды болдырмау, кәсіби қызметтің негізгі басымдықтары мен судьяның этикалық нормаларын сақтау туралы түсіндірді.

Сондай-ақ биылғы жылдың басында  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жаңа Судьялық әдеп кодексінің жобасы және ол бойынша ұсыныстар енгізу талқыланды.

 

544 қаралым