Жарияланды: 25.11.2022

Діни ағымдардың алдын-алуға бағытталған ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргізді

 

Өтпелі шақтың өтінде тұрған жасөспірімдердің теріс жлға түсіп кетуі демде-ақ. Оларды теріс пиғылдылардан сақтаудың жолы алдын ала түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Одан бөлек жасөспірімдердің қылмыстан, құқықбұзушылықтан бойын аулақ салуына да аталмыш бағыттағы жұмыстарды көптеп жүргузуді талап етеді. Түркiстан облысы әкiмiнiң орынбасары С.А.Қалқамановпен бекітілген дін саласындағы ақпараттық-түсiндiру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Қ.Салықбаев Ордабасы аудандық №1 және №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт жаттықтырушыларымен және Бөржар ауыл округінде М.Х.Дулати, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен дiн саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, дiни экстремизмнiң, терiс пиғылды діни ағымдардың алдын-алуға бағытталған ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде жасөспірімдер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

303 қаралым