Жарияланды: 25.11.2022

«Е-қылмыстық іс» тақырыбында дөңгелек үстел өтікізілді

«Е-қылмыстық іс» жобасы елімізде цифрлы технологияларды дамыту туралы мемлекет басшысының талабының аясын­да жүзеге асырылуда. Осы мақсатпен Бас прокуратураның Құқықтық ста­тистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бюд­жет­тен қосымша шығынсыз «Е-қыл­мыстық іс» бағдарламасы әзірленген болатын. Бағдарлама қылмыстық про­цес­тің қылмыстың тіркелуінен бас­тап, оның тергелуі және үкім орын­далғанға дейін барлық сатысын қам­ти­ды. Жауапты мамандардың айтуынша цифрлы тех­но­ло­гияларға тлық көшкен жағдай­да, қоғамның «сыздаған біраз жарасының» проблемалары шеші­леді. Бағдарламаның сапалы енгі­зілуі мақсатында жоғарыда атал­ған ведомстволармен бірлескен бұй­рыққа қол қойылып, ве­дом­ст­во­аралық жұмыс тобы құрылды. Еліміздегі барлық өңірде алғашқы сынақтан, өткізілді. Жаңа жобаның яғни, Электронды қылмыстық істің артықшылықтары қандай? Ең алдымен  қылмыстық істі бұрмалау болмайды, істер жоғалып кетпейді, қағазбастылықтан құтқарады, электронды форматқа көш­кенде істер тезірек тергел­етін болады. Жүйеде 100 шақты процес­суал­дық құжаттың шаблоны болады. Соттан санкцияны электронды түрде алуға болады. Талдау күшейеді. Электронды шағымдар модулі жұмыс істей бастайды. Тараптар тергеушінің іс-әре­ке­тіне шағым келтірсе, оны прокурор бірден онлайн тексере алады.  Бағдарлама бөгде адам­дар­дың, соның ішінде жүйенің әкімшілерінен қылмыстық іс материалдарына рұқсатсыз қол жеткізуінен қорғайды. Істің материалдарына тек істі жүргізетін тергеуші және прокурор қол жеткізе алады. Бұл жүйе бүгінде өзінің тиімділігін дәлелдеп те үлгерді. Осыған орай Түркістан облысына қарасты Арыс аудандық сотының ғимаратында «Е-қылмыстық іс» тақырыбында дөңгелек үстел өтікізілді. Іс шараға қаладағы прокуратура, полиция бөлімдерінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында электрондық форматта жүргізілетін қылмыстық істердің артықшылығы мен кемшіліктер туралы баяндалды.  Электронды істерді сотқа жіберерде кемшіліктерге жол бермеу, құжаттардың тізімдемеге сай, түгел жолдауды қатаң қадалауды тапсырылды. Алдағы уақытта «Е-қылмыстық іс» бойынша басқа да семинарлар өткізу ұйымдастыру ұсынылды.

 

280 қаралым