Жарияланды: 25.11.2022

Жергілікті сот қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшінің әдебі жайлы әңгіме болды

 Түркістан облысы бойынша Соттар Әкімшісі басшысының орынбасары және Әдеп жөніндегі уәкілінің м.а. Э.Аширова бейнеконференция байланысы арқылы өңіріміздегі жергілікті соттарының қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшінің әдебі жөнінде және «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенциясы» атты тақырыбында семинар сабақтарын өткізді.

Семинарға Соттар әкімшісінің мамандары, сондай-ақ аудандық және оларға теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен мамандары қатысты.

Кеңесте Э.Аширова 2022 жылдың басынан бері келіп түскен шағымдар бойынша статистикалық мәліметтермен таныстырып, мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс ережелерін сақталмағандықтары анықталып және оларды жазалау бойынша шаралар қабылдағаны туралы нақты мысалдар келтіріп. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын негізгі талаптарға тоқталып, Әдеп Кодексінің ережелерін қатаң сақтаудың, халықтың сенімін нығайту мақсатында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеудің, сот отырысына қатысушылармен әңгімелесуде және әлеуметтік желілерді пайдалануда сыпайылық таныту қажеттілігін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысының хаттамасына сай «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенциясы» атты тақырыбында семинар өткізілді.

Қатысушылар гендірлік теңдікті, әйелдерді кемсітушілікке қарсы сұрақтарды, жыныстардың бірінің басымдылығын немесе толық дамымаған пікірдің қалыптасуындағы отбасының рөлі жайлы мәселелері талқыланды.

 

 

400 қаралым