Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасымен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарының судьяларын тағлымдамадан өткізу туралы өкіміне сай Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ж.Дербисалиева жуырда Жоғарығы сотта тағылымдамадан өтті.
Судья Ж.Дербисалиева тағлымдамадан өткен уақытта әкімшілік істерді республикадағы жергілікті соттардың істерді қалай қарайтынын, бірізділік тәжірбие кейбір санаттағы істер бойынша қалыптасқанын, Жоғарғы Соттың қаулыларын дайындап машықтанғандарын, істерді қарағанда қандай мән –жайларға мән беріп, нормативтік құқықтық нормаларды дұрыс түсініп, оны қолдану бойынша жұмыс жасағанын көрсетті.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасының бірінші сатылы соттарын Жоғарғы сотқа тәжірбие алмасуға шақырғаны бірінші рет. Мұндай тағлымдама әрбір судьяның біліктілігін арттырып, оның тәжірбиесін молайтатына сенімді екенін және Алқаның судьяларының өздерімен диалог құруға ашық екенін, көкейтесті сұрақтарға жауаптарын алғанын және тағлымдама ұйымдастырғанына алғысын жеткізді.