Жарияланды: 25.11.2022

Құқықтық кеңестер берілді

 

Нотариустарға   атқарушылық жазбалар жасау құқығы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілгені белгілі. Атқарушылық жазбаларын жасау шарттары мен тәртібі «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ,  Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №31 бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс–әрекеттер жасау Ережесімен, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі Ережесімен, Республикалық Нотариаттық Палатасының Басқармасының 2016 жылғы 9 наурыздағы №3 шешімімен бекітілген атқарушылық жазбасын жасау жөніндегі әдістемелік ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі таңда атқарушылық жазбаларын жасау тәжірбиесі қалыптасты, оның жасалуын реттейтін нормаларды іске асырудағы тиімді жақтары мен проблемалары анықталды. отариустардың атқарушылық жазбаларын жасауы азаматтық құқықтық қатынастардың негізгі қағидаты – адалдықпен келісіледі, азаматтар мен заңды тұлғалар оларға тиесілі құқықтарды адал, ақылға қонымды және әділ жүзеге асыруына әрекет етуін көрсетеді.  Атқарушылық жазба институты даусыз сипаттағы талаптарды тез және тиімді шешуді қамтамасыз етуге қабілетті маңызды құқықтық құралдардың бірі болып табылады, құқықтық инфрақұрылымның ажырамас бөлігі болып табылатын және бірқатар құқық қорғау институттарына жататын нотариусқа оның функцияларын орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін азаматтық айналымдағы кредиторлардың мүдделерін қорғау құралы. Атқарушылық жазба Қазақстан Республикасының Конституциясына және онда белгіленген меншік құқығын қорғау принциптеріне қайшы келмейді. Бұдан басқа, атқарушылық жазба меншік құқығын қорғаудың халықаралық-құқықтық тәсілдеріне сәйкес келеді және соттарды даусыз сипаттағы істерден босату жолдарын іздеу үрдісіне сәйкес келеді.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтар көтерген жүйелі мәселелерді, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен және Үкіметінен түскен тапсырмаларды ескере отырып шешу бойынша кешенді іс-шаралар жоспарыныңі 3-тармағын орындау мақсатында, Түркістан қаласының жекеше нотариусы К.Асырауовамен атқарушылық жазбалар бойынша өндіріп алу тәртібі және атқарушылық жазбаны ұсыну мерзімдері туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында нотаруис К.Асырауова атқарушылық жазбаны өндіріп алу тәртіптері туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

489 қаралым