Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің қызметерлері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022 жылғы 31 наурыздағы N 269 бұйрығымен «2022-2024 жылдар кезеңіне «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес, Төлеби ауданының жеке сот орындаушыларымен бірге Төлеби ауданының халықты жұмыспен қамту орталығында мемлекет кепілдік берген заң көмегі, кешенді əлеуметтік заң көмегі, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға заң көмегін көрсету, сот актілерінің орындалуы бойынша борышкерлермен өндіріп алушылардың құқықтары мен міндеттері, алимент өндіріп алу, коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу тәртіптері, нотариустардан шығатын құжаттарға апостиль қою тәртібі, авторлық құқық, сабақтас құқықтар жəне тауар таңбалау туралы құқықтық ақпараттар бойынша бөлім қызметерлеріне кеңестер берілді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және халыққа тәулік бойы тегін заң көмегін көрсету мақсатында аудан тұрғындарына құқықтық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы (87172) 58-00-58 және 119 нөмері бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алаяқтық пен қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимыл бойынша әзірленген жадынамалар таратылды.