Жарияланды: 25.11.2022

Сот орындаушылары рейдтік іс шаралар өткізуде

 

Мемлекетке берешекті, салықты дер кезінде төлеуге жауапкершілік танытатындардың қатары қалың болғанымен кейде табансыздық танытатындар да жоқ емес. Ескерту қағазын алса да салық мерзімін өткізіп төлемей жүре беретіндер де табылады. Бұл алдымен өзіне иян екенін ескермейтіні өкінішті. Өйткен салықты дер кезінде төлемеу үстеме ақысымен төлеуге әкеп соқтырады. Сондай – ақ, салықтан жалтарып жүргендерді ақыр аяғында сот орындаушыларының іздеуіне тура келеді. Бұл өз кезегінде қаншама адамың уақытын сарп еткізеді. Өзіне де, өзгеге де кесір келтіретін мұндай жауапсыздыққа бармау қажет, әрине. Құқық қорғаушылардың жабыла жұмыс істеуіне әкеп соқтырады. Ағымдағы жылы Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы прокурорының ұйымдастыруымен, Сайрам ауданы бойынша жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салық берешектерін өндіріп алу туралы бірлескен жұмыс іс -шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік сот орындаушылары, жеке сот орындаушылары, салық басқармасының, ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

614 қаралым