Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдттік іс-шараларын күшейтті.
Іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сату деректерін болдырмау.
Рейдттік шара барысында аудан аумағындағы басты көшелер бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандар, ойын-сауық орталықтары, ойынханалар толықтай тексеріліп, кәсіпкерлік нысан иелеріне түнгі мезгілде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді кіргізбеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.