Жарияланды: 25.11.2022

Тәртіп сақшыларына психологиялық сабақтар өткізді

 

Полиция қызметкерлерінің эмоционалды және кәсіби шаршауының алдын алу, олардың стресстік жағдайларда психологиялық дайындығы мен моральдық төзімділік деңгейін арттыру мақсатында, маңызды шара ұйымдастырылды. Түркістан облысы ПД Кадр саясаты басқармасы мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың психолог-мамандары, Түркістан қалалық полиция басқармасының полицейлері үшін «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің стресске төзімділігі және төтенше жағдайларға психологиялық дайындығы» тақырыбында психологиялық сабақтар өткізді.

Оқу-жаттығу кезінде қару алу және жауынгерлік қарудан оқ атуға дайындық алдында тыныс алу жолдарын жақсарту мақсатында “тыныс алуды бақылау” психотехникалық жаттығулары өткізілді. Сондай-ақ, полицейлер психологиялық орнықтылықты дамытуға бағытталған тренингтік жаттығуларға да қатысты. Бұдан бөлек психологтар полиция қызметкерлерімен “менің өмірім” медитациясын “жалпы тыныс алу”, “кедергілерді жеңу”, “жіп курсы”, “кір жуғыш машина”, “Джунглидегі жаңбыр”, “тығырықтан шығу” секілді жаттығуларға қатыстырып, ішкі көңіл-күйін бақылады. Ал тәртіп сақшылары психологиялық тренингтерге белсенді қатысып, ерекше әсер алды. Тренинг соңында “Шеринг” жаттығуына қатысты. Кері байланыс ретінде қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, қызықты сабақтарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін психолог әріптестеріне алғыстарын білдірді.

421 қаралым