Жарияланды: 25.11.2022

Құқық сабақтары – өмір сабақтары

 

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №5 «Мақтаарал» мектеп — гимназиясында жетiм және ата — анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Құқық сабақтары — өмір сабақтары» атты медицина, прокуратура органдарының өкілдері және судьялармен кездесу өтті. Кездесуге Мақтаарал ауданының прокуратурасының аға прокуроры Сарсенбай Жеңіс Сарсенбайұлы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Сулейменова Сауле, мектеп инспекторы Гулиев Теймур, Мақтаарал ауданының «Атакент» ауруханасының психологы Сейітханова Жадыра ханым келіп өз баяндамаларын оқыды. Жасөспірімдер және кәмелет жасына жетпеген жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жайлы кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар, мамандықтың дұрыс таңдау және өз мамандықтардың жақсы көру жайлы да айта кетті. Өз мамандықтарының ерекшелігі және қоғамға пайдасымен бөлісті. Бітіруші түлектерге мамандық таңдауда қателеспеуге кеңес берді.

 

 

724 қаралым