Жарияланды: 25.11.2022

Дәрістер мен сұқбаттар жүргізетін жылжымалы топтар жасақталады

ҚР ІІМ-нің 2022 жылға арналған Операциялық жоспарына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау,халықтың кең ауқымының назарын аталған проблемаларға аудару, сондай-ақ азаматтардың полиция органдарына сенім арттыру ,қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы аумағында ағымдағы жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз16 күн!» акция өткізіледі.

Акция аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында елді мекендерде тиісті баннерлермен белгіленген арнайы белінген автобустарда жергілікті полиция қызметі басшылығыеың азаматтарды жеке қабылдау жолымен мобильді акциялар ұйымдастырылады.

Акция өткізу барысында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері қызметкелерінің, учаскелік полиция инспекторларының және кәмелетке толмағандардың тұрмыстағы, оның ішінде ауылдық жерлердегі зорлық-зомбылықтан алдын алу және жолын кесу жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстарын жария ете отырып, тұрақты жерге жарияланады.

Кәсіпорындар және ұйымдарда отбасылық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтан алдын-алу және жолын кесу жөніндегі қоғамдық іс-шаралар (брифингтер,семинарлар,тернигтер,дөңгелек үстелдер және т.б) өткізіледі.

Азаматтарды жаппай жиналатын орындарда көрсетілген тақырыптарда билболдтар мен плакатар орналастырады, жадынамалар мен буклеттер тарату ұйымдастырылады. Акция негізгі мақсаты: көпшілікті әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту,алдын алу,әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу жұмысын жүзеге асырға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру. Акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңнымен негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстарын,әйелдерге әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету мақсатында учаскелік полиция пунктерінің жанында мүдделік мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен «Қоғамдық қабылдау» ұйымдастырылады. Акция өткізу барысында ақпаратық қағаздар мен буклеттер таратылу,дәрістер мен сұқбаттар жүргізетін жылжымалы топтар жасақталады. Іс-шара өткізу кезінде мемлекеттік және мемлекетік емес ұйымдар, жергілікті атқаруши органдар,білім, денсаулық сақтау,және т,б. Органдар өкілдерінің міндетті турде қатысуы көзделген. Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, бұл туралы үндемей қоймаңыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет. Жәрленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану, сондай-ақ оларды Мамандандырылған дағдарыс орталығына бағыттау құқығы бар. Мақтарал аудандық полиция бөліміне немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалғаны туралы арызбен тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторына хабарласу қажет.

 

 

 

317 қаралым