Жарияланды: 25.11.2022

«Құқықтық сана-қауымға пана» ашық есік күні өтілді

 

«Құқықтық сана-қауымға пана» ашық есік күні өтілді

 

Жуырда Түркістан облысына қарасты Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, Ш.Қанайұлы атындағы №2 жалпы орта мектеп базасында, аталған мектеп, Ахынтұма атындағы №11 және Шаш төбе жалпы орта мектептердің бірлесуімен «Құқықтық сана-қауымға пана» жобасы аясында қалалық ашық есік күні өтілді. Жобаның мақсаты: оқушыларға құқықтық білімдерін ұштастыра отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу. Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту. Конститутцияны,құқықтық нормативтік актілерді орындай,құрметтей білуге үйрету,адамгершілікке,ұлтжандылыққа,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Іс-шара жобаны қорғау презентациясымен және ситуациялық сұрақтармен, сазды бағдарламамен бастау алды. Іс-шараға ата-аналар, мектептердің ДТІЖО, Аға тәлімгерлер, педагог ұйымдастырушылар, сынып жетекшілер, қосымша білім беру педагогтары және адами әлеуетті дамыту бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Н.Кузембаева, қалалық полиция қызметкерлері қатысты. Іс–шара барысында аталған мектептердің сынып жетекшілері,тәрбие орынбасарлары,аға тәлімгерлері,педагог ұйымдастырушылары «Құқықтық сауаттылық- уақыт талабы», «Балаларға мейірімді Қазақстан», «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет», «Балаларды қорғау конвенциясы», «Құқықтық сауаттылық –заман талабы», «Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы», «Жемқорлықпен күресу-басты міндетіміз», «Достық көпірі» атты тақырыптық тәрбие сағаттар, дуэт сабақтар, дебат, пікірсайыс, тандем тәрбие сағаттары көрсетілді. Барлық сабақтарға келген мамандар,қонақтар өз пікірлерін білдіріп кері байланыс жасады.

Алдағы уақытта іс-шара жалғасын табады.

 

427 қаралым