Жарияланды: 25.11.2022

Әскери қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өтті

 

Түркістан облысына қарасты Кентау қалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Әскери қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өтті. Әскери дайындықты шыңдап, технологиялық дайындықты көрсететін жарыс барысында қатысушылар толық емес бөлшектеу және жинақтау, оқжатарын жарақтау бағдарламасы, белтемірге тартылу сайысы, әскери спорт түрлері бойынша команда жетекшілері арасында сайыс бағдарламасы бойынша сайысты. Жарысқа Кентау қаласының колледждері мен қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептерден жалпы 22 команда яғни, жүз отыз оқушы қатысты. Жалпы командалық есепте 1 орынға Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясы, 2 орынға Кентау гуманитарлық колледжі, 3 орынға Қарнақ жалпы орта мектебінің командалары иеленді. Жастарды әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру, әскери қызметтің беделін арттыру бағытында ұйымдастырылған жарысқа оқушылар аса белсенділікпен қатысты.

290 қаралым