Жарияланды: 30.07.2018

Тартылған инвестиция көлемі 6 млрд.-тан асты

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданына 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында тартылған инвестиция көлемі 6 млрд. 107 млн. 400 мың теңгені құрап, 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 185,1 пайызды құрады. Соның арқасында Ордабасы ауданы Түркістан облысы бойынша 2-ші орынға тұрақтады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 838 млн. 200 теңге, жергілікті бюджеттен 1 млрд. 531 млн. 200 мың теңге, меншікті қаражат есебінен 2 млрд. 249 млн. 900 мың теңге, банктердің кредиттері 297 млн. теңге, басқа да қарыз қаражаттар есебінен 1 млрд. 191 млн. 200 мың теңге.
Ауданда 58 инвестициялық жобаға 2 млрд 755 млн. 179 мың теңге қаралды, (10 мектеп құрылысы, 2 елді мекеннің (Боралдай, Арыстанды) су өткізшгітер тораптарының құрылысы, 3 елді мекенді (Темірлан) газбен қамтамасыз ету ішкі жүйелерімен жеткізуші желілілерінің құрылысы, Теспе, Ықыластемір елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы, 38 нысанға жобалық-сметалық құжат жасату, Темірлан ауылы «ПМК» аумағындағы электр желілерінің құрылысы, «Самал 2,3» мөлтек аудандарының инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы, Темірлан елді мекенінен жастар саябағының құрылысы, Бадам ауыл округінен 2 қабатты 12 пәтерлі 1 тұрғын үй, Темірлан елді мекенінен 2 қабатты 12 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысы).Тартылған инвестицияның ауданның әлеуетін көтеруге көп көмегі тиіп отыр.  

 

959 қаралым