Жарияланды: 25.11.2022

Заңсыз балық аулаудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

 

Түркістан облысына қарасты Шардара аудан аумағында Шардара су қоймасы мен Сырдария өзенінің орналасуына байланысты заңсыз балық аулау фактілері тоқтамауда.

Жыл басынан осы уақытқа дейін Шардара ауданы аймағында орналасқан су айдындары мен өзендерінде заңсыз балық аулау фактісімен алты  қылмыстық іс басталып, сот қарауына жолданған.

Шардара аудандық сотымен тоғыз  адам заңсыз балық аулағаны үшін кінәлі боп танылып, сот үкімі шыққан.

Құрметті Шардара ауданының тұрғындары мен қонақтары, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің талаптарына сай заңсыз балық аулағаны үшін үш жылдан он жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін назарларыңызға саламыз.

Заңсыз іс-әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз.

 

 

400 қаралым