Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау – Ұлттық палатаның негізгі міндеттерінің бірі.
Бұл ретте, Өңірлік палатаға жеке кәсіпкер Р.Сарсенбаевадан өтініш келіп түсіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы төмен, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тамақтандыруға байланысты қаржыны төлеп беруге ықпал ету сұралған. Аталған өтінішке сәйкес облысымыздың құзырлы органдарымен тығыз байланыста атқарылған жұмыстар нәтижесінде, 1 жыл шамасында ала алмай жүрген 3 210 000 (үш млн. екі жүз он мың) қаражатты, жоғарыда аталған кәсіпкердің шотына аударылуына көмек көрсетілді.
Кәсіпкер өз тарапынан қуанышын білдіру мақсатында Түркістан облысы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің 1-дәрежелі сарапшысы Сартбаев Сержан Нартбайұлына алғыс хатын табыс етті.
Айта кетейік, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы құрылғалы кәсіпкерлік субъектілерінен құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға көмек көрсету жөнінде жалпы 1350-ге жуық арыз-шағым келіп түскен.
Оның ішінде 700 ден аса өтініші бойынша кәсіпікерлердің құқықтары қорғалып, 18,7 (300 млн) млрд-қа жуық мүліктік құқығы қорғалған.